Бұл туралы король Әбдіәзіз атындағы Халықаралық әуежайдың Қажылық жөніндегі директоры Халид бин Мүслім әл-Харби мәлімдеді. Директордың айтуында, қажыларды қабылдау үшін арнайы 13 зал бөлінген. «Әуежайдан әр адамға автобусқа мініп кету үшін 45 минут уақыт беріледі. Біздің ойымызша, ешқандай кідіріс болмайды. Өткен жылы болған келеңсіздіктер жекелеген туристік агенттіктердің жұмыстарына байланыс туындады», - деп атап өтті директор. Еске сала кетсек, биылғы қажылық маусымы тамыз айының 20-сы күні басталады.