Нұрсұлтан Алпысбаевтың бұл екінші қажылығы екен. Мұсылмандық парызын өтеген қандасымыз барлық құжат рәсімдеулерінен де өтіп, елге ұшуы ғана қалыпты. Алайда қалың топтың арасынан адасып қалып қойған. Артынан марқұмның денесі жергілікті мәйітханадан табылған. Саналы ғұмырын ұстаздық жолына арнаған Нұрсұлтан Серікұлы Еуразия ұлттық университетінде аға оқытушысы болып қызмет атқарған екен. Қазір оқу орнындағы әріптестері аза тұтып жатыр. Ал туыстары марқұмның денесін Меккеге жерлеу үшін Сауд Арабиясына аттанбақ.
Loading...