Бұл туралы журналист Instagram желісіндегі парақшасында жазды, - деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
"Қажылыққа апарамын деп алдап кетті деп 100-ден аса адам айыптаған фирма басшысы студияға келді.
Ол ҚМДБ (діни басқарманың) қажылық-қаржылық бөлімі пара сұрайды деп қойып қалды.
Ал, @muftyat__kz zamzam_qazaqstan қажылыққа апаруға лицензиясы жоқ деген еді. Еш рұқсаты жоқтығына қарамастан “аңқау елге арамза молда” болған компания бұл жолы 300 млн. тг. астам пайда түсірген.
Мен мүфтиятқа сендім, егер #зәмзәмқазақстан ақ болса өздері жайлы алғашқы болып ақпарат таратқан мені блоктамас еді.
2 жыл бұрын 100 адамды, кеше ғана 120 адамды қажылыққа апарамын деп лақтырған турфирмаға қатысты тергеп-терксеру басталды.
Ең қызығын айтайын ба, қажылықтың 20 күнінде Сауд Арабия Корольдігі 13 млрд. $ пайда табады", - деп жазды Гүлмира Әбіқай.