«Қажымұқан Мұңайтпасов» фильмінің сценарийі жазылып жатыр

Канн кинофестивалінде шетелдік киносыншылар бұл картинаны «Қазақфильм» киностудиясының «Алтын қорына» енетін тамаша туындылардың қатарына қосты.

«Алайда бұл - әлі басы ғана»,- деп хабарлады 1tv.kz тілшісіне берген эксклюзивті сұхбатында «Қазақфильм» АҚ прокат және дистрибуция орталығының басшысы Айдархан Әділбаев.

Қазір дайындық жұмыстарының бастапқы сатысы қолға алынып, сценарийі жазылып жатқан «Қажымұқан Мұңайтпасов» картинасы да көрермендердің ерекше ілтипатына ие болады деп күтілуде, деп хабарлайды Baq.kz порталы.