Қажымұрат Нағманов "Қазақстан темір жолы" президентінің міндетін уақытша атқарушы болып тағайындалды

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, "Қазақстан темір жолы" ҰК"АҚ бұқаралық ақпарат құралдары мен жұртшылық назарын ұлттық компанияның жұмысы қалыпты тәртіппен жүргізіліп жатқанына аударады.

"Компания жүк және жолаушы тасымалдауды қамтамасыз ету жөніндегі өндірістік міндеттерді атқаруда. Бастапқы жоспарға сәйкес, "Самұрық" холдингі" АҚ басқарушы компаниясы мен Қазақстан Республикасының үкіметі бекіткен даму бағдарламалары жүзеге асырылуда",- деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, "Желілік БАҚ-тардағы астыртын ақпарат көздері таратып жатқан компанияның мамандары тұтқындалуда деген хабарлар шындыққа сай келмейтін дақпырт болмақ. Қаржы полициясы тек компанияның басшысы ғана тұтқындалғанын ресми түрде хабарлады. Оған қатысты тергеу жүргізілуде".

Осыған байланысты "Қазақстан темір жолы" тергеу жайлы ҚР ресми құқық қорғау органдарына хабарласуды сұрай отырып, "азамат тек соттың шешімімен ғана айыпты деп танылады" деген конституциялық "кінәсіздік презумпциясы" принципіне бағынуды ұсынады.