«ҚазИнвестБанктің» Директорлар кеңесінің тәуелсіз мүшесі Д. Ботабаев қызметінен кетуге өтініш берді


Банктің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Д. Ботабаев оны «Эйр Астана» компаниясына қатысты ахуалға байланысты Кеңес төрағасы Нұржан Жанабековпен болған кездесу кезінде берген. Дархан Маратұлы бұл шешімін банктің әділетсіз жағдайда бұл оқиға ортасында қалуымен түсіндіріп отыр. Оған қаржы инстиутының еш қатысы жоқ болғандықтан өз еркімен директорлар кеңесінен кетуді жөн көрген.

Соутгемптон қаласындағы университеттің «Халықаралық банк ісі қаржы» мамандығы бойынша шебер дәрежесін иеленген Дархан Ботабаев өзінің мансабын «Қазкоммерцбанк» АҚ-да бастаған болатын. Одан кейін «Шағын кәсіпкерлікті қолдау қоры», «ЭксимБанк Қазақстан» акционерлік қоғамдары мен «Роллер» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде түрлі басшылық қызметтерді атқарды.