Қазір келіннің бетін көрсетіп тұрып бет ашатын болыпты

Фейсбукті белсенді қолданушылардың бірі – Нәдира Сәрсенбаева бір қызық видеоны жариялады. Онда той үстіндегі беташар көрсетілген. Қазақ мұндай беташарға да бой үйрете бастады. Бірақ мынау олардан да өзгеше. Келіннің беті ашық. Тіпті кеуде тұсына дейін ашық. Тек екі әйел (жеңгелері болуы керек) алдын селдір матамен жауып тұр. Әрине, одан адамның түрі көрінеді.

Ең қызығы, бет ашушы жігіт бірінші рет «бір сәлем» дегенде келін қозғалған жоқ. Екінші рет айтқанда барып жеңгелері ым жасаған соң сәл төмендеп, ырымын жасады.  

Caravan.kz  медиа-порталы той үстінде беташар жасаудың ерсілігі туралы бірінші рет айтып отырған жоқ. Белгілі журналист Марат Тоқашбаевтың да осыған қатысты ойын жариялаған болатынбыз.