Қазір ол жердегі топырақты електен өткізіп жатыр. Бәлкім, бірдеңе шығып қалатын шығар:Тараздағы жарылыста жоғалған сержант табылған жоқ

Қорғаныс министрінің орынбасары Руслан Шпекбаев Тараз маңындағы жарылыс кезінде жоғалған сержантты іздестіру жұмыстары жалғасып жатқанын айтты.

"Сержант Дәуітбаевты іздестіру тоқтатылған жоқ, тиісті шаралар жалғасып жатыр. Оған қарулы күштердің әскерилері ғана емес, ұлттық ұлан сарбаздары да қатысып жатыр", - деді Шпекбаев журналистерге берген сұхбатында.

Оның айтуынша, әскери қойманың аумағын толығымен қарап шықты. Дегенмен, мамандар қандай да дәлелдерді табуға тырысып жатыр.


"Қазір ол жердегі топырақты електен өткізіп жатыр. Бәлкім, бірдеңе шығып қалатын шығар", - деп атап көрсетті Шпекбаев.