Қазір Украина мен Ресей арасында екіжақты кездесу өткізу мүмкін емес – Яценюк

«Үкіметтің Ресей федерациясымен арадағы келіссөздерге қатысты ұстанымы өзгерген жоқ: қазіргі жағдайда екі жақты келіссөздерді АҚШ пен Еуроодақтың қатысуынсыз өткізу мүмкін емес», - деді ол сейсенбі күні министрлер кабинетінің отырысында.

Ол келіссөздер кезінде Ресейден алданып қалудан қорқатынын жасырмады.