вокалдық мектепті құру: жаңа парадигмаларды іздеу» деп аталатын монографиялық зерттеуінің тұсаукесері барысында айтты.
«Қазір вокаль өнерінде ғылым жағынан көптеген сұрақтар қордаланып қалды. Қолданыстағы парадигма оның бәріне жауап бере алмай отыр. Практиктер әншілер бір жолда, теорияшылар екінші жолда бір-біріне қосылмай, әрқайсысы өзінше дамуда. Дауысты психологиялық эмоцияналды құрамнан бөлуге болмайды. Бұл кітапта оны бірдей көріп, психолоиялық физикалық үдеріс ретінде дауысқа жаңаша қарап, жаңа парадигма туралы өз пікірімді білдіріп отырмын. Оның өзіндік құпиялары бар. Сондықтан ескі парадигманы өзгерту керек», - дейді өнертану ғылымының кандидаты Т. Забирова. Толқын Қалиқызының айтуынша, қазақтың халық әндерін орындап жүрген әншілердің арасында оның мәнін де, сөзін де дұрыс ұғынбайтындар көп. Қазақ тілінің фонетикалық ерекшелігіне жас әншілерді оқу орнына келген кезде жаттығулармен және әдістемемен арнайы оқыту керек.