"Ондай жағдайда Қазақстан осы технологияны тең иемденушіге айналумен бірге компанияның құны одан әрі өскен жағдайда біршама қаржылық пайдаға кенеледі",- деді ол. Қазір өндірісті іске қосуға қажетті барлық жағдайды жасауға бағытталған жұмыстар атқарылуда.
"Технология іс жүзінде озық болған жағдайда және Қазақстан әзірге елде тұрақты өндірісті іске қосуға мүмкіндігі жетпей отырған, бірақ, оған деген сұраныс бар қазіргі ахуалда бір ғана жол - компанияны толық немесе одан үлес сатып алу ғана болмақ",- деді Қ.Келімбетов. Сол арқылы біз меншіктену құқығына ие болумен бірге Қазақстанда өндірісті жолға қоюға жағдай жасауға қажетті уақытты ұтамыз, деді қор басшысы.
"Бұл - шұғыл жауап қату тәсілі",- деді ол. Бүгінде бұдан басқа да болашағы бар компаниялардың жағдайы зерттелуде және үкіметке таяу уақыттарда нақты ұсыныстар енгізіледі, деді Қ.Келімбетов.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті