"Қазіргі уақытта Қазақстанның түзеу мекемелерінде 34 мешіт пен шіркеу, әртүрлі конфессиялардың 145 құдайға жалбарыну бөлмелері қызмет етеді", - деді М. Аюбаев.
"Күдіктілер мен сотталғандарға мүмкіндік бойынша діни жоралғыларға арналған бөлмелерде және олардың діни салттарына сәйкес діни жоралғылар жасауға мүмкіндік береді", - деп атап көрсетті ол.
Сонымен қатар, Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің басшысының мәліметтеріне сүйенсек, қылмыстық атқару жүйесінің мекемелерінде жалпы білім беретін 51 мектеп жұмыс істеуде. Онда орта білім алмаған 6149 сотталушы оқып жатыр. "Бас бостандығынан айыру орындарында ұйымдастырылған орта білім беру жүйесі сотталушыларға босап шыққаннан кейін білім алуды жалғастыруға мүмкіндік береді", - деп сөзін түйді М. Аюбаев.