Қазіргі уақытта Шығыс Қазақстан облысы энергиямен тұрақты түрде қамтамасыз етіліп отыр

"Туындаған проблеманы реттеу бойынша облыс әкімдігімен жүргізілген келіссөздердің нәтижесінде компания өз тұтынушыларын энергиямен қамтамасыз етуді жалғастыру және шығын болатынына қарамастан кВт/сағатына 4,324 теңге (ҚҚС есептемегенде) бағасында қалыптасатын қаражат аясында өз қызметін іске асыру жөнінде шешім қабылдады", - деп мәлімдеді баспасөз қызметі.

"Қазіргі уақытта атқарушы органдардың ықпал етуінің арқасында облыстағы жағдай тұрақтанып келеді", - деп хабарлады "Шығысэнерготрейд" ЖШС баспасөз қызметі.