Қазіргі заманғы басқарушылардың жаңа буынын қалыптастыру қажет - Назарбаев

"Партиядағы және мемлекеттік қызметке дайындау үшін партия қатарындағы 200 жас жетекшіден жас мамандар резервін жасақтау жобасын биылдан бастап жүзеге асыру керек", - деді президент.

Мемлекет басшысы президент әкімшілігіне, үкімет пен "Жас Отанға" осындай арнайы бағдарлама бойынша дайындалып, болашақта жауапты қызметтерде жұмыс істейтін адамдарды нақты іріктеуге кірісе беруге тапсырма берді. "Бізге 21 ғасырда қалай жұмыс істеу қажет екенін білетін адамдар керек. Партияның бар ресурсы қабілетті әрі лайықты жас көшбасшыларды дайындауға бағытталуы қажет", -деді президент.