"Бүгінгі жағдаймен түсімнің 71% - 14 млн тонна астық қамбаға құйылып, астық шығымдылығы орта есеппен бір гектардан 13 центнерді құрады", - деді А. Күрішбаев.
Осы орайда ол болжам бойынша 19 - 20 млн тонна астық жиналады деп жоспарланғанын еске салды. "Бұл елдің ішкі сұранысын қамтамасыз етуге жетеді. 9 млн тоннаға жуық астық экспортқа шығарылады", - деді ол.
"Елімізді астықпен және соған сәйкес нанмен қамтамасыз етуде қандайбір қиындық жоқ", - деді А. Күрішбаев.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті