№1 цехтағы газ тазарту кешенінің бірінші кезегін пайдалануға беру - ауаға тасталатын газ қалдықтарын жыл сайын 2,7 мың тоннаға дейін азайтуға мүмкіндік береді .
№1 цехта жаңа газ тазартушы қондырғыларды орнату жұмыстары зауытта 2001-жылы қабылданған ауаға тасталатын қалдықтарды азайту бағдарламасына сәйкес жүзеге асырылуда. Осыған сәйкес 2005-жылға дейін цехта 1,745 млрд. теңгеге 6 құрғақ газ тазартқыш қондырғы орнатылады. Соның нәтижесінде зауыт ауаға тасталатын газ қалдықтарының мөлшерін жылына 12 мың тоннаға дейін азайту мүмкіндігіне қол жеткізеді. Бұл орайда газ тазартқыш қондырғылардың тиімділігі 99,6-99,8 процентті құрайтын болады.
Газ тазартқыш қондырғының екінші кезегі биыл шілде айында атап өтілетін зауыттың 20 жылдық мерейтойына орайластырылып пайдалануға берілмекші. "Қазхром" ААҚ-ның бас директоры Болат Святовтың айтуынша, экологиялық бағдарламаларды жүзеге асыру -Ақсу ферроқорытпа зауытының басымдық берілген даму бағдарларының бірі болып табылады. Мәселен, 2002-жылы Ақсу ферроқорытпа зауыты табиғат қорғау шараларына 664 млн. теңге жұмсаған. Бұл жоспардағы көрсеткіштен 275,6 млн. теңгеге артық.
Ақсу ферроқорытпа зауытында 6 мыңнан астам адам жұмыс істейді.