Қазкоммерцбанк ипотекалық бағдарламаны жүзеге асыру үшін 37 млн. доллар несие алды

Бұл несие жарты жылдық ЛИБОР-дың сыртында жылдық 3,5 проценттік өсіммен және негізгі қарызды үш жылға дейін жеңілдетілген талап бойынша төлеу шартымен 9 жылға беріліп отыр.

Алынған қаржыны Қазкоммерцбанк басшылығы ипотекалық бағдарламаны жүзеге асыруға және еліміздегі шағын және орта бизнес кәсіпорындарын ұзақ мерзімді несиелендіруге жұмсамақшы.