Қазкоммерцбанк Қазақстан мен Чехияның бірлескен автокөлігін шығару жобасын қаржыландырады

Құжатқа қол қою рәсімінде Шығыс Қазақстан облысының әкімі Виктор Храпунов: "Екі жылға созылған келіссөздер нәтижеге жетті. Алғашқы 10-15 автокөлік 2005-жылдың екінші тоқсанында құрастырылуы тиіс",- деп атап көрсетті. Қазақстан-Чехия автокөліктерін 2005-жылдың үшінші тоқсанында сериялы өндіру жолға қойылады. Алғашқы жылы 1 мың дана Skoda автокөлігін, ал екінші жылы оның 3 мың данасын өндіру көзделген. "Бірлескен Чехия-Қазақстан автокөлігінің құны отандық тұтынушылар үшін күтпеген оқиға болмақ",- дейді жобаға қатысушылар.

2003-жылы іске қосылған "Азия-Авто" көлік құрастыру зауыты Ресейдің "АвтоВаз" ААҚ өндіретін көлік бөлшектерінен Lada Niva автокөліктерін құрастырады. 2004-жылы зауытта 3206 Lada Niva автокөліктері құрастырылды. "Азия-Авто" зауытының тауар өндіру көлемі 2004-жылы 29 процентке артып, 18,8 млн. долларды құрады.