Қазкоммерцбанк салық тексеруінің қорытындысы бойынша сотқа шағым түсірді

Қазкоммерцбанк ҚР қаржы министрлігінің салық комитеті тарапынан банктің 1999-2002-жылдар аралығындағы іс-қызметіне жоспар бойынша жүргізілген кешенді тексеруінің қорытындысына байланысты сотқа шағым түсіріп отыр.

"Бір мәрте инспекциядан гөрі тиімді болуға байланысты банктегілер өз іс-қызметіне кешенді тексеру жүргізілетін шығар деп күткен болатын. Мәселен, 2003-жылы салық мекемелері банк жұмысын 73 мәрте тексеріп, нәтижесінде небәрі 39,3 теңгенің қайшылығын әшкерелеген",- дейді банктің баспасөз қызметіндегілер.
Ал жуырда аяқталған кешенді тексеру қорытындысы бойынша салық органдары Қазкоммерцбанктен 4 млрд. теңгенің (30 млн. доллар) сұрауын салды. Қазкоммерцбанк басшылығының пікірінше, мұндай жағдай заңнаманың жекелеген нормаларына қатысты банк пен тексеруші орган көзқарасының өзара кереғар келуі салдарынан туындаған.
Қазкоммерцбанк басшылығының айтуынша, талап етілген қаржы мөлшері пайдалылық тұрғысынан банк үшін ауқымды қаржы болғанымен, сенімділік және клиенттер мен кредиторлар алдындағы міндеттемелерді орындау тұрғысынан алғанда банк активтерінің 1 процентіне де жетпейтіндіктен, тым мардымсыз қаржы болмақ. Тексеруші органның есептері теріс дегенге сенімді Қазкоммерцбанк шағым түсіруге мәжбүр.
Банк басшылығы сот көмегімен орынды мәмілеге келмек ниетте.