Бәсекелестікті қорғау агенттігі Қазкоммерцбанкке қатысты тексеру жүргізді.
Ведомствоның хабарлауынша, тексеру барысында банктің теріс пиғылды бәсекелестікпен айналысқаны белгілі болды.
«Тексеру барысында Қазкоммерцбанктің өз клиентін (заңды тұлға) ақша аударымдары мен барлық есеп айырысу-кассалық операцияларды тек өз бөлімшелері арқылы жүзеге асыруға мәжбүрлеген», - делінген хабарламада.
Алайда, банктің бұл талабы банктік қызмет туралы заңға қайшы.
Қазкоммерцбанк несие бергенде қосымша талаптар қойып, клиентті бекітілген келісімшарттардан бас тартуға мәжбүрлеген. БҚА ойынша, бұл монополияға қарсы заңға қайшы.
Тексеру нәтижесі бойынша банкке тиісті шара қолданылмақ.