«Шын мәнінде, ғимараттан өрт шыққан жоқ (...). Өртке қарсы дабыл жүйесі өздігінен іске қосылып, автоматты түрде аэрозоль шашылған. Сол аэрозоль сырттағы адамдарға түтін сияқты болып көрінген», - деп журналистерге Астанадағы №3 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі бастығының орынбасары Әлібек Жарбақов хабарлады.
Айтуынша, аэрозоль «12-ші мен 20-шы қабат аралығына шашылған».
Мұндай оқиға біздің тәжірибемізде бірінші рет кездесіп отыр, дейді маман.