2004-жылдың алғашқы жартысында 438 млн. текше метр табиғи газ өндірілді. Бұл жоспардағыдан 0,6 процент артық. Тұтастай алғанда 2004-жылы 8 млн. 360 мың тонна көмірсутегін өндіру көзделіп отыр.
2004-жылдың алғашқы жартысында "Атырау мұнай өңдеу зауыты" ААҚ 1 млн. 315 мың тонна мұнай өңдеді, бұл 2003-жылғы тиісті мерзіммен салыстырғанда 13,9 процентке артық. 2004-жылы Атырау мұнай өңдеу зауыты 2,4 млн. тонна мұнай өңдемекші. Соның ішінде 1,7 млн. тоннасы "ҚазМұнайГаз" қорынан өңделеді.
Алғашқы жарты жылдықта "ҚазТрансОйл" АҚ-ның желісімен тасымалданған мұнай көлемі 19 млн. 99 мың тоннаны құрады. Бұл өткен жылғы тиісті деңгеймен салыстырғанда 14,9 процент артық. Тұтастай алғанда 2004-жылы 35 млн. 708 мың тонна мұнай тасымалдау көзделіп отыр.
"Интергаз Орталық Азия" ЖАҚ-на қарасты магистралды газ құбырымен 2004-жылдың алғашқы жартысында 61,8 млрд. текше метр газ тасымалданды. Өткен жылғы осы мерзіммен салыстырғанда бұл көрсеткіш 8,8 процентке артты. 2004-жылы 113,7 млрд. текше метр газ тасымалдау межеленген.
Компанияның өз қаржысы есебінен бірінші жарты жылда 26,9 млрд. теңгенің күрделі қаржысы жұмсалды. Соның ішінде өндіріс саласына 24,7 млрд. теңге арналды. Өткен жылғы осы мерзіммен салыстырғанда бұл деңгей 1,5 есе өсті. 2004-жылы жалпы алғанда ҚазМұнайГаз 73,6 млрд. теңгенің күрделі қаржысын жұмсауды көздеп отыр.
"ҚазМұнайГаз"-ға бағынышты және салалық ұйымдар 2004-жылдың алғашқы жартысында республикалық бюджетке салық және басқа да төлемдер түрінде 37,5 млрд. теңге қосты. Сөйтіп, іс жүзінде төленген салықтар мөлшері жоспармен салыстырғанда 53,2 процентті құрады. Бұл негізінен кіріс мөлшерінің артуына байланысты.