Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлады.
"Клиентте карта немесе талон болса, ол еш қиындықсыз жанармайын құйып алады. Дәл қазір біз АИ-92 маркалы бензинін қолма-қол ақшамен сата алмаймыз. Кейбір жерлерде АИ-92 қолма-қол ақшаға сатылып жатыр. Бірақ онда тек 10 немесе 20 литр жанармай құюға болады", - деді компанияның анықтама бөліміндегілер.
Сондай-ақ, олар "ҚазМұнайГаз" жанармай құю бекеттеріне қысқы дизель отыны келмегенін айтты. Қысқы дизель отыны әзірше тек Астанада, Алматыда және Павлодарда бар екен.