"Біздің пікіріміз бойынша, экспорттық кедендік баж салығының енгізілуіне байланысты компанияларға дифференциация жүргізілуі керек және ішкі нарыққа мұнай жеткізіп отырған мұнай компанияларына экспорттық кедендік баж салығын төлеуде қандай да бір жеңілдіктер берілуі керек ", -деді А. Балжанов.
"Ағымдағы міндеттерді шешу мақсатында үкімет қысқа мерзім ішінде экспорттық кедендік баж салығын төлеу міндеті жүктелмеген жер қойнауын пайдаланушылардың роялти ставкаларын ұлғайту үшін олармен тікелей келіссөздерді жүргізулері керек ", - деп есептейді "ҚМГ БӨ" басшысы.