"ҚазМұнайГаз" басқармасы төрағасының бірінші орынбасары қызметіне шетелдік азамат тағайындалады

Ол барлау және өндіріс мәселелерін қарайды. Сонымен қатар басқарма төрағасының бірінші орынбасарына өндіруші активтер жөніндегі басқарушы директорлар, "ҚазМұнайГаздың" бас геологы және бұрғылау мен өндіріс ҒЗИ директоры есеп береді.

"ҚазМұнайГаз" – Қазақстанның мұнай саласында мемлекет мүддесін көздеуші көмірсутегі өңдеу, барлау, қайта өңдеу жөніндегі ұлттық оператор. Ұлттық компанияның негізгі акционері "Самұрық-Қазына" ұлттық қоры.