«ҚазМұнайгаз» бен KAZENERGY журналистер арасында байқау жариялады

Байқаудың негізгі мақсаты Қазақстан Республикасы мұнай-газ саласының жетістіктеріне жұртшылықтың назарын аудару, Қазақстан мұнай-газ саласы компанияларының ақпараттың ашықтығы бойынша қызығушылығын арттыру, мұнай-газ тақырыбында қалам тербейтін еліміздің БАҚ-тары арасында адал бәсекелестікті қолдау, сонымен қатар бірыңғай медиа кеңістігі үлгісін жасау болып табылады.

Байқауға республикалық, облыстық және қалалық, аудандық газеттердің редакция ұжымдары, телерадиокомпаниялар, аймақтық және республикалық БАҚ-тарда істейтін жеке ізденушілер - журналистер, (штаттағы және штаттан тыс қызметкерлер), сонымен қатар материалдары жарық көрген не болмаса теле- және радиохабарларында пайдаланылған басқа да авторлар қатыса алады. Бұл жолы «Қалам қуаты» мынадай аталымдар бойынша өткізіледі:

- Гран-при;

- республикалық телеарнада эфирге шыққан мұнай-газ тақырыбындағы үздік ТВ бағдарлама/ арнайы репортаж;

- үздік фоторепортаж;

- үздік радиобағдарлама;

- республикалық БАҚ-та жарық көрген үздік материал;

- аймақтық баспа БАҚ-тарында қазақ тілінде жарық көрген үздік материал;

- аймақтық баспа БАҚ-тарында орыс тілінде жарық көрген үздік материал;

- үздік студенттік жұмыс;

- үздік блоггер;

- мұнай-газ саласы тарихы туралы үздік материал.

Байқауға жаңа аталымдар енгізу мұнай-газ тақырыбында қалам тербейтін журналистер арасында new-media (блоггинг, мобильді журналистика) прогрессивті түрлерін таратуға, сонымен қатар БАҚ-тардағы жас мамандардың мұнай-газ тақырыбында материалдар жазуына мүмкіндік береді. Конкурсқа 2011 жылдың қаңтар айының 1 жұлдызынан 2011 жылдың 20 тамызына дейін газеттерде және басқа да тіркелген БАҚ-тарда, сондай-ақ Интернет БАҚ-тарында жарық көрген, теле-радиода эфирге шыққан материалдар қабылданады. Өтінімдер 2011 жылдың 25 тамызына дейін қабылданады.