Құжатқа ҚазМұнайГаз тарапынан вице-президент - АҚ президент аппаратының бастығы Ұлан Байжанов, Халықаралық бағдарламалар орталығы тарапынан - оның президеті Қадиша Даирова қол қойды.
Ұлан Байжанов түсіндіріп өткендей, аталмыш негіздемелік келісім Қазақстан Республикасы президентінің "Болашақ" халықаралық бағдарламасының түлектерін жұмысқа орналастыруды қарастырады. "Біз сондай-ақ шәкіртақы иегерлері үшін практика ұйымдастыру саласында, ҚазМұнайГаз үшін мамандар дайындау саласында, сондай-ақ ұлттық компаниялардың мамандарын жақын және алыс шетелдердегі ең үздік оқу орындарында оқытуды ұйымдастырудағы ынтымақтастығымызды дамытуды жоспарлап отырмыз",- деп қосты ол.
"Келісімге ҚазМұнайГаздың жоғары білікті мамандар арасынан мамандар тобын құру жөніндегі "Команданы таңдау" жобасы аясында қол қойылды. 100-ге жуық студент осы бағдарлама аясында білім алуда",- деп нақтылап өтті ҚазМұнайГаздың өкілі. "Енді бұл міндетті (мамандарды дайындау - агенттік ескертп.) орталықпен бірлесіп шешеміз деген сенімдемін",- деп қосты ол.
"Біз шетелдерде ертеңгі күні ұятқа қалдырмайтын жоғары білімді мамандарды, соның ішінде мұнайгаз саласы үшін мамандарды дайындауға дайынбыз",- деді өз кезегінде Қ. Даирова.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті