ҚазМұнайГаз бен Оңтүүстік Кореяның бірнеше мұнай компаниясы Каспий теңізінде бірқатар жобаларды бірлесе жүзеге асырмақшы

Қол қойылған хаттамаға сәйкес, тараптар 2004-жылдың аяғына дейін ынтымақтастықтың басты принциптерін келісу үшін келіссөздер жүргізіп, жер қойнауын пайдалану жөніндегі келісім-шартына қол қоюға дайындала бастайды. Бұл келісім-шартқа 2005-жылы қол қойылады деп межеленді.

Бұған дейін тараптар Каспий теңізінің Қазақстандық бөлігінің солтүстік-батысында орналасқан "Махамбет үстіртінің" көмірсутегі қорын бірлесіп бағалау жөніндегі жұмыс тобын құрған.
Сондай-ақ, "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ мен Кореяның Каспий Мұнай Жобасы Консорциумының құрамына енетін Корея Ұлттық мұнай корпорациясы арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылған. "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ-ның баспасөз қызметінен хабарлағанындай, бұл құжатта Корея Ұлттық мұнай корпорациясына "ҚазМұнайГаз" ҰК-ның "Теңге" ЖШС-нің жарғылық капиталындағы үлесінің 69 процентін сату бағытында келіссөздер жүргізе бастау қарастырылған.
Маңғыстау облысындағы Теңге кенішіндегі алынатын қалдық мұнай қоры 13,7 млн. тоннаны құрайды.