ҚазМұнайГаз бен Солтүстік Каспий жобасына қатысушылар Қазақстан тарапынан BG тобынан үлес сатып алу туралы қорытынды келісімге қол қойды

Келісімге ҚР энергетика және минералды ресурстар министрі Владимир Школьник пен "ҚазМұнайГаз ҰК" АҚ-ның президенті Ұзақбай Қарабалин қол қойды.

Құжатқа қол қою рәсімінен кейін В.Школьник BG тобынан сатып алынған 8,33 проценттік үлес құны 913 млн. долларды құрағанын хабарлады. "Оның 615 млн. доллары үлестің нақты құны, ал қалған бөлігі BG тобының операциялық және басқа да капиталдық шығындары болып табылады",- деді министр.
Өз кезегінде "ҚазМұнайГаз ҰК" АҚ-ның президенті Ұзақбай Қарабалин акциялар қоржынын ұлттық компания өз қаржысына сатып алғанын жеткізді. "Бұл қаржының 45 млн. долларын біз өз қарамағымыздағы активтері қайта құрылымдау және басты жұмыс бағытына жатпайтын активтерді бәсекелі ортаға өткеріп беру арқылы таптық",- деді Ұ.Қарабалин.