Республика рыногында осындай қызмет түрінің мүлдем дерлік жоқтығына байланысты тез арада сервистік орталықтар құру қажеттігі туындап отыр. "Бүгінде отандық өнім өндірушілерден алған техникаға сервистік қызмет көрсету, қолданыстағы жабдықтарды жөндеу және оларды қосалқы бөлшектермен қамтамасыз ету мәселесінің өзектілігі артты. Әзірге иемденілмеген осынау саланы шетелдік компаниялар игере алады",- деді "ҚазМұнайГаз" ҰК-ның өкілі Мұхит Әбдірахманов.
Бұл мақсатты жүзеге асыруға ""ҚазМұнайГаз"Барлау Өндіру" АҚ, "Қазақстан инжиниринг" ҰК" АҚ тәрізді компанияның еншілес кәсіпорындары мен республиканың машина жасау зауыттары атсалысады.
"Қазақстан инжиниринг" ҰК" АҚ-ның құрамына "Петропавл ауыр машина жасау зауыты" АҚ, "ЗИКСТО" АҚ, "Мұнаймаш" ЖШС, " С. Кирова атындағы зауыт" АҚ, "Металлист"АҚ, "Зенит" Ақ тәрізді 9 кәсіпорын кіреді.