«ҚазМұнайГаз» компаниясының жанармай бекеттері бензинді шектеусіз сата бастады

мен дизель отынын бөлшек саудада ешбір шектеусіз сата бастады. Бұл туралы «ҚазМұнайГаз» - өңдеу және маркетинг» (ҚМГ-ӨМ) АҚ баспасөз қызметі хабарлады.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, «ҚМГ-ӨМ компаниясының еншілесі – «ҚазМұнайГаз Өнімдері» ЖШС қазан айында Қазақстанға 106,7 мың тонна АИ-92 бензинін жеткізу туралы келісім бекітті. Оның ішінде 87,2 мың тонна бензин Ресейден әкелінді.

Ресей мен өзге елдердегі мұнай өңдеу зауыттарынан тәулігіне 2,8-3,0 мың тонна АИ-92 бензині жөнелтіліп жатыр.


Сонымен қатар, еліміздегі 3 мұнай өңдеу зауытында өңдеу және мұнай өнімдерін өндіру көлемі едәуір арттырылды. Атап айтсақ, қаңтар-қыркүйек аралығында отандық зауыттар 10,993 млн тонна мұнай өңдеген. Бұл өткен жылдың осы уақытымен салыстырғанда 3,4% артық.