деп хабарлады аталған компанияның баспасөз қызметінен.
Шараны «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ, Қазақстан футбол Федерациясы, Астана қаласы Білім басқармасы және «Шығыс» балалар жасөспірімдер орталығы ұйымдастырды. Оған 2000-2001 жылдары дүниеге келген Астана қаласы жалпы білім беру мектептерінің 80 оқушысы қатысты. Өткізілген ойындардың нәтижесі бойынша бірінші орынды №59 орта мектептің командасы, екінші орынды №54 орта мектептің командасы, үшінші орынды №48 орта мектептің командасы иеленді.
Жеңімпаздарды «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқармасының төрағасы Қайыргелді Қабылдин, Қазақстан Футбол Федерациясының вице-президенті Сейілда Байшақов құттықтады. «Бұл турнир спорт пен салауатты өмір салтын насихаттау жөніндегі «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы әлеуметтік саясатының бір бөлігі болып табылады. Осы кездесулердің ҚМГ спорт алаңдарында өткізілуі көңілге қуаныш ұялатады. Бұл алаңдар Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың елімізде бұқаралық спортты дамыту жөніндегі бастамасын жүзеге асыру мақсатында салынды, - деп атап көрсетті Қ.Қабылдин.
Биылғы жылы осындай спорт шаралары ҚМГ еншілес компанияларының қолдауымен Шымкент және Павлодар қалалары мектеп оқушыларының арасында да өткізіледі. Шағын футболдан турнирлер «ҚазМұнайГаз» ҰК көп функционалды спорт алаңдарында өткізіледі. Құрылыс бағдарламасына сәйкес 2010 жылы ҚМГ және оның еншілес компаниялары 29 спорт алаңының құрылысын аяқтады. Ағымдағы жылы 20 спорт алаңын салу жоспарланып отыр.
Спорт алаңының құрылысына қолданылатын материалдар мен технологиялар экологиялық, санитарлық-гигиеналық, өртке қарсы және басқа да ережелер мен талаптарға сай келеді және спорттық жамылғыны кәсіби түрде орнату көзделіп отыр. Футбол алаңындағы жасанды көгал FIFA және UEFA-да сертификатталып, аттестациялаудан өткен.
Қалалық турнирде жеңімпаз атанған команда және 2-ші, 3-ші орын алған командалар «ҚазМұнайГаз» кубогымен, дипломдармен, сәйкес дәрежедегі медальдар және естелік сыйлықтармен марапатталды.