шағын футболдан қалалық балалар-жасөспірімдер турнирінің салтанатты ашылуы болды.
Турнир Қазақстанда бұқаралық балалар спортын дамыту және балалар мен жасөспірімдер футболын көпшілікке дәріптеу аясында өткізілуде. Шараға 2000-2001 жылдары туған Астана қаласы жалпы білім беру мектептерінің 80 оқушысы қатысуда.
Турнирге қатысушыларды «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ бизнесті қолдау жөніндегі басшы менеджері Серікбек Елшібеков, Қазақстан футбол Федерациясының атқарушы директоры Әлия Дүйсекеева және басқалар құттықтады.
Биылғы жылы мұндай турнирлер ҚМГ еншілес компаниялары «ҚазТрансГаз» АҚ және «ҚазТрансОйл» АҚ қолдауымен Шымкент және Павлодар қалалары мектеп оқушыларының арасында да өткізіледі. Қалалық жарыстарда бірінші және екінші орын алған командалар республикалық финалға өтеді.
Қалалық турнирде жеңімпаз атанған және 2-ші, 3-ші орын алған командалар «ҚазМұнайГаз» кубогымен, дипломдармен, сәйкес дәрежедегі медальдар және естелік сыйлықтармен марапатталады,
Шараны «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ, Қазақстан футбол Федерациясы, Астана қаласы Білім басқармасы және «Шығыс» балалар жасөспірімдер орталығы ұйымдастырды.