«ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы және Қазақстанның теннис федерациясы сіздерді Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20-жылдығына орай өткізіліп отырған «ҚазМұнайГаз» кубогы үшін шағын теннистен республикалық балалар турнирінің ашылу рәсіміне шақырады», - делінген хабарламада.
Турнир Қазақстанда бұқаралық балалар спортын дамыту және балалар мен жасөспірімдер теннисін көпшілікке дәріптеу аясында өткізілмек.
Турнирдің ашылуына «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқармасының төрағасы Болат Ақшолақов, Қазақстан теннис федерациясының вице-президенті Әділ Бүрлібаев, Қазақстан теннис федерациясының атқарушы директоры Олег Огай қатысады деп күтілүде.