ҚазМұнайГаз өз акцияларын Лондон қор биржасында сатпақшы

"Біз қарапайым акцияларды шығару бағытында жұмыс істеп жатырмыз. Бірақ әзірге ақырғы шешім қабылданған жоқ",- деді ол. "Компания аясында шешім қабылданған жоқ. Шешімді директорлар кеңесі мен компания басқармалары бекітуге тиіс",- деді Ұлттық компанияның басшысы.

Бұған дейін "ҚазМұнайГаз"ҰК"АҚ-ның еншілес кәсіпорны - ""ҚазМұнайГаз"Барлау Өндіру" АҚ өзінің қарапайым акцияларын Лондон қор биржасының листингіне енгізуге ниеті бар екенін мәлімдеген-тұғын. Қазіргі жағдаймен компания инвестициялық банкинг саласында қаржылық қызмет көрсетуші халықаралық ұйымдар арасында байқау жариялады.
2004-жылдың желтоқсан айында KASE биржалық кеңесінің шешімімен ""ҚазМұнайГаз"Барлау Өндіру" АҚ-ның қапапайым акциялары KASE құнды қағаздарының "А" листингі тізіміне енгізілген.