"Бүгін Қазақстан үкімет басшысы Кәрім Мәсімов "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ ұжымына жаңа басшысын таныстырды. "Қазақстанның мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі "Самұрық" холдингі" АҚ-ның директорлар кеңесі Қайыргелді Мақсұтұлы Қабылдинді ҚазМұнайГаз ҰК президенті қызметіне сайлауға шешім қабылдады", - деп хабарлайды баспасөз қызметі.