"Қазақстан тарапынан КТК-дағы үлесін ұлғайту мүддесі сөзсіз болады", - деді Т.Құлбаев.
"Ұлттық компания қазір осы бағытта жұмыс істеп жатыр. Ресей жағы да, Қазақстан жағы да одан мүдделі. Үлесті арттыру КТК арқылы тасымалданатын мұнай көлемін ұлғайтуға мүмкіндік береді, айдалатын мұнай көлемінің бір бөлігі Оманның үлесінде, жаңа акционер осы үлесті бсқаратын болады", -деді KazEnergy басшысы.
Ресей бұдан бұрын Оманға тиесілі компания акциясының 7 процентін сатып алу арқылы өз үлесін ұлғайтпақ ниетін мәлім еткен. Бұл қоржынға Қазақстан мен Венгрияның MOL компаниясы да қызығышылық танытуда.