"ҚазМұнайГаз ҰК" ЖАҚ Shell-мен бірлесе отырып Чехияның Unipetrol мұнайхимиясы компаниясын жекешелендірудің екінші турына қатыспақ ниетте

В.Школьниктің мәліметіне жүгінсек, осы аптада "ҚазМұнайГаз ҰК" ЖАҚ-ның өкілдері Shell өкілдерімен бірлесе отырып, Чехияның Unipetrol AS мұнайхимиясы компаниясының қаржылық құжаттарын зерттей бастады.

Shell, Польшаның PKN Orlen мұнай өңдеу компаниясы мен MOL Rt атты мұнайгаз компаниясы Unipetrol AS компаниясының 500 млн. евроға бағаланған мемлекеттік акциялары қоржынынан үміткерлердің қысқаша тізіміне қамтылған болатын.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 2004-жылдың 22-қаңтарында Чехия үкіметі бұдан әрі тендерге қатысуға құқық берілгендердің тізімін жариялаған. Чехиялық Unipetrol AS холдингін жекешелендіру жөніндегі байқауға белсене қатысып, потенциалды жеңімпаздар санатында жүрген "ҚазМұнайГаз ҰК" ЖАҚ тендерге жіберілмеді.
"ҚазМұнайГаз ҰК" ЖАҚ -ның акцияларына толық көлемде ҚР үкіметі иелік етеді. "ҚазМұнайГаз" - құрамына түрлі бағытта, атап айтсақ, көмірсутегі шикізатын барлау, өндіру, өңдеу, тасымалдау және сату, мұнай өнеркәсібі нысандарын салу, телекоммуникациялар және тасымал тәрізді жұмыстар мен қызмет түрлерінің толық циклін атқарушы 45 компания мен кәсіпорынды біріктірген тік интеграциялық мұнайгаз компаниясы.