Үстіміздегі жылдың алты айында "Атырау МӨЗ" ЖШС 1 798 мың тонна мұнай өңдеді, бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 37,4 пайызға көп. "ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы ресурсынан 1 306 мың тонна мұнай жеткізілді. Мұнай өнімдерінің шығарылымы да артты: бензин - 47,7 пайызға, дизель отыны - 32,1 пайызға, мазут - 69,3 пайызға.
2005 жылдың қаңтар-маусым айында "ҚазТрансОйл" АҚ жүйесі бойынша 18 380 мың тонна мұнай тасымалданды. 2005 жылы 36 574 мың тонна мұнай тасымалданбақшы.
2005 жылдың қаңтар-маусым айында "Интергаз Орталық Азия" АҚ-ының магистральды құбыр жолдары арқылы 64,8 млрд. текше метр газ тасымалданды, бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 1,19 млрд. текше метрге артық. 2005 жылы 116,7 млрд. текше метр газ тасымалданбақшы.