И.Чиркалиннің мұндай депутаттық сауал жолдауына "Қазақстан инжиниринг" Ұлттық компаниясы" ААҚ мен "Петропавл ауыр машина жасау зауыты" АҚ-ның басшылығы тарапынан депутат қолына келіп түскен өтініш түрткі болған. Басшылар онда "ҚазМұанйГаз" Барлау Өндіру" АҚ-ның конкурстық құжаттамаларында негізгі есеп айырысу жағдайлары мен төлем шарттарын өзгертуге ықпал жасауды сұрапты.
Тауар өндірушілер онда 2005-жылдан бастап "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ жіберілген тауар үшін төлем жасау мерзімін оны қабылдап алу туралы актіге қол қойылған сәттен бастап бұрынғыдай 30 күннің орнына 180 күнге созған. "Қазақстан темір жолы"ҰК" АҚ-ның конкурстық құжаттамаларында да 90 күнде есеп айырысу туралы осы тектес шарт жазылған.
"Сөйтіп, еліміздегі ең ірі екі ұлттық компанияның басшылығы алған тауары үшін есеп айырысуда тауар өндірушілерді кіріптарлыққа душар етіп отыр",- делінген депутаттық сауалда.
Мәжіліс депутатының пікірінше, конкурстық құжаттағы мұндай өзгерістер отандық тауар өндіруші кәсіпорындар мен тауар сатушыларға нұқсан келтіруі мүмкін. Осыған байланысты мәжіліс депутаты аталмыш проблеманы шешуге көмек көрсетуді сұрайды.