"Қазір біз үкіметте ауқымды жекешелендіру, көптеген активтерді, оның ішінде ұлттық компанияларды мемлекет иелігінен алу бағдарламасын әзірлеудеміз.Жуық арада "ҚазмұнайГаз" компаниясының құрылымын қарадық, бізде қазір елеулі аутсорсинг және ҚазМұнайГазға тәуелді еншілес компанияларды бәсекелестік ортаға беру туралы ұсыныстар бар", деді ол Астанада сейсенбіде "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы қызметінің нәтижелеріне арналған жиында.
"Сендерге де бұл жұмысты мұқият қарау қажет деп ойлаймын", деді ол ҚТЖ басшысы Асқар Мәминге.
Алдында хабарланғандай, Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев үкіметке және "Самұрық-Қазына" қорына бірінші тоқсанда 2014-2016 жылдарға арнап мемлекеттік қатысы бар компанияларды жекешелендіру бағдарламасын әзірлеп қабылдауды тапсырған болатын.