«Қазмұнайхим» басшысы Қостанайда алаяқтығы үшін сотталды

Облыстық соттың хабарламасына сәйкес, Е.Киришев ірі мөлшерде алаяқтыққа барғаны үшін айыпталды.

«Киришев «Қазмұнайхим» АҚ-ның қолайлы қаржы-шаруашылық жағдайын көрсететін жағдайлар жасаған, банкке жалған мағлұматтар берген, бұл «Қазақстан даму банкі» АҚ-ның жобаны қаржыландыру туралы оң шешім қабылдауына ықпал еткен.
Е.Киришев барлық қажетті технологяилық қондырғылары болмаса да, 52 млн теңгеден астам сомаға «Қазхимталшық» зауыты үшін химиялық шикізат сатып алған, бірақ қондырғы пайдалану және іске қосу бойынша шара қабылдамаған.
«Қазақстан даму банкінің» азаматтық талапарыз ына сәйкес 1 млрд 125 млн 132 мың 927 теңгені сот қанағаттандырды.
Сотталған азамат жазасын жалпы режімді колонияда өтейді.