Қазмырыш 2012 жылы жаңа зауыт салуды жоспарлап отыр

«Қазіргі уақытта компания «Гидрополимет» зауытын жобалаумен айналысып жатыр,ол полиметалл концентраттары мен өнеркәсіп қалдықтарын оттегінің көмегімен атмосфералық сілтісіздендіруді қарастырады, бұл компанияның жаңалығы болып табылады. Келесі жылы құрылыс жұмыстарын бастаймыз деп отырмыз», - деді Н. Попович дүйсенбі күні халықаралық тау-металлургия конгресінде.

«Бейнелеп айтатын болсақ, мұны «Қазмырыштың» барлық қоспаларды, ауыр металдарды шығарып, оларды басты өндірісте пайдалануға болатын ыңғайлы қалыпқа бөлетін бауыры деп атауға болады», - деп түсіндірді ол.

Серіктестік басшысының айтуынша, барысында ажыратылатын өнімдердің тізімінде күкірт қышқылы, қалайы, висмут, сүрме, күміс бар.

Н. Попович зауыттың қаржыландыру сомасын, орналасу орны мен қуатын атаған жоқ.