"Қазмырыш" АҚ Шығыс Қазақстандағы екі кенішті игеру және барлау жөніндегі тендерде жеңіп шықты

Компанияның Риддер кен байыту кешені аталмыш нысандарды жуық арада жан-жақты барлай бастамақшы. Барлау жұмыстары алты жылға созылады деп күтілуде. Кеніш қоры бекітіліп, техникалық жоба түзетілгеннен кейін, шамамен 2011-ші жылдан бастап кен шығарылады. Кен Риддер тау-кен байыту комбинатында өңделеді.

Бір-біріне жақын жерде орналасқан Обручевский және Длинный кеніштерін бір кен орны аясында өңдеу межеленген. Мұндай ұстаным қолайлы болумен бірге күрделі қаржы мөлшерін айтарлықтай үнемдеуге мүмкіндік береді, делінген хабарламада.
Екі кеніштен өндірілетін жалпы кен мөлшері жылына 600 мың тоннаны құрап, нәтижесінде жыл сайын 25,6 мың тонна мырыш және 1600 кило алтын концентратын шығарып алуға жол ашылады деп күтілуде.
Жаңа кенішті пайдалануға беру Риддер кен байыту кешенінің минералды-шикізат базасын айтарлықтай арттыруға мүмкіндік береді.