«Қазпошта» АҚ қызметкері 5 жылға бас бостандығынан айырылды

Қаржы полициясының баспасөз қызметінен хабарлағандай, пошта байланысы бөлімінің бастығы электр энергиясы, байланыс қызметі, несиені төлеу мен салық төлемдерін кассада кіріс қатарына енгізбеген. Онымен қоймай, зейнетақы, жәрдемақы мен жалақыны алу туралы   құжаттарында жалған қол қойып отырған. 

Жалпы пошта қызметкері 2 млн. теңгеден астам қаржыны жымқырған.


Өзіне сеніп тапсырылған өзгенің мүлкін қолды ету мен жалған құжат жасағаны үшін бұл азаматшаның бар мүлкі тәркіленіп, 5 жылға бас бостандығынан айырылды.