Бүгін барлық департаменттер мен басқармалардың қызметкерлері күні бойы қазақ тілінде сөйлесетін болады. Акционерлік қоғам мемлекеттік тілді дамытудың кешенді бағдарламасын жасап, пошта қызметкерлеріне арналған қазақ-орыс тілашар сөздігін шығарды. Қазақ тілін үйренуге арналған курстар тұрақты жұмыс істейді.
Бүгінгі акция бағдарламасында басшылардың баяндамасы, пікірталастар, сахналық қойылымдар тәрізді сан-салалы шаралар ескерілген.
Шараға "Қазпошта" ашық акционерлік қоғамының орталық кеңсесінің қызметкерлері,
аударма бөлімі мен құжаттық қамтамасыздық басқармасының мемлекеттік тілді дамыту бөлімінің қызметкерлері , Алматы қалалық әкімшілігінің өкілдері қатысады.