Қазпошта ұлттық оператор мәртебесіне ие болды

Құжат мәтінінде сондай-ақ, ұлттық оператор ретінде Қазпоштаның міндеттері айқындалған. Мәселен, Қазақстан Республикасының кез-келген елді мекенінде әрбір тұтынушыға пошталық байланыс саласындағы құзыретті мекеменің құқықтық -нормативтік құжаттары талабына сай келетін жалпыға ортақ пошта байланысы қызметін көрсету - ұлттық оператордың басты бір міндеті ретінде айқындалған.

Міндеттер қатарында арнаулы байланыс қызметі түрлерін көрсетуді жүзеге асыру да бар. Осындай қызмет түрлеріне мемлекеттік мекемелердің аса маңызды хат-хабарларын, қорғаныс өнеркәсібіне арналған аппаратуралар, аспаптар мен жабдық бөлшектерді, бағалы металлдар мен зергерлік бұйымдар салынған арнаулы сәлем-сауқаттарды, сондай-ақ, мемлекеттік құпияға саналатын мәліметтер мен олар басылған құжаттарды қабылдау, амандығын қамтамасыз ету, тасымалдау және жеткізіп беру қамтылады.
Өз қарамағындағы пошта желісі мен өндірістік нысандарды пайдалана отырып қаржылық іс-қызметтерді жүзеге асыру және ҚР заңдарына сәйкес қаржылық қызметтер көрсету де Қазпоштаның атқаратын міндеті санатында.