"ҚазСат-1" жер серігіне қандай да бір ықпал етудің көптеген әрекеттері еш нәтиже әкелмеді - Мұсабаев

Естеріңізге сала кетсек, 8 маусымда Астана уақытымен 9.00-де "ҚазСат-1" жер серігінің хабар таратуы борттағы сандық есептеу жүйесінің істен шығуы салдарынан үзілген болатын.

Т. Мұсабаев атап көрсеткендей, 8 маусымда жер серігі Ақкөл қаласындағы "ҚазСат-1" ғарыш аппаратының ұшуын басқаратын Ұшуды басқару орталығының бұйрықтарын қабылдауды қойған.

"Болжам жөнінде айтар болсақ, ол мынадай: жер серігін қалыптасқан жағдайдан шығарудың көптеген әрекеттері ешқандай да нәтиже әкелмеді. Жер серігі Сколководағы да, Ақкөлдегі де басқару орталықтарының ешқандай кодты бұйрықтарын қабыл алмайды. Мұнда адамның қатысы жоқ", - деді ол.

Т. Мұсабаевтың айтуынша, егер жер серігін қайта жандырудың мүмкіндігі тумаса, ол жоғалады.