"Қазіргі жағдаймен "ҚазСат-2" жер серігін құру жұмыстарының екі кезеңі - эскиздік жоба мен құжаттамаларды жасау кезеңдері аяқталды. Барлық жұмыстар "ҚазСат-2" жер серігін құру жөніндегі бекітілген жоспар-кестеге сәйкес жүргізіліп жатыр", - деді В. Лефтер.
Оның айтуынша, "ҚазСат-2" жер серігін жасаушылар ""ҚазСат-1" жер серігін жасауда жүзеге асырылған конструкторлық-техникалық шешімдер мен құрал-жабдық сипаттамаларын ең жоғары деңгейде сабақтастыруға тырысуда".
"Жоспар-кестеге сәйкес, "ҚазСат-2" жер серігі 2009 жылдың қараша айында ұшырылуға тиіс", - деді орталық басшысы.
В. Лефтер бұған қоса "2010 жылы "ҚазСат-3" жер серігін, ал одан әрі алмастырушы жер серіктерін жасауға кірісу жоспарланған", деді.
"Техникалық сипаттамаларына сәйкес, жер серіктерінің белсенді жұмыс істеу мерзімі 10 - 12 жылды құрайды, ал бірінші алмастырушы жер серігі "ҚазСат-1" жер серігінің жұмыс істеу мерзімі аяқталғанға дейін 36 ай бұрын, яғни 2013 жылы жасала бастауға тиіс", - деді ол. "Сөйтіп, "Қазсат-2" жер серігінің жұмыс істеу мерзімін ескергенде оны алмастыруға тиіс жер серігі 2018 жылы жасала бастауға тиіс", - деді В. Лефтер.