«Қазсат-2» жерсерігін Қазақстанның үкіметтік делегациясы бақылайтын болады

Қазғарыштың баспасөз қызметі хабарлағандай, сондай-ақ «Байқоңырға» Қазақстанның Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов келеді деп күтілуде. Қазақстанның екінші байланыс жерсерігінің ұшуын ҚР депутаттары, Қазғарыш басшылығы, Қазақстандағы министрліктер мен ведомство өкілдері, журналистерден құралған үкіметтік делегация бақылайтын болады.

«Қазсат-2» жерсерігі Қазақстан Республикасының аумағында үзілмейтін жерсеріктік байланысты, телевизиялық және радиотаратуды жүзеге асыруға арналған.

Дайындық кестесіне сай, «Қазсат-2» жерсерігін Астана уақыты бойынша 2011 жылдың 16 шілдесі күні таңғы сағат 05.16-да ұшыру жоспарланған.